Ерікті жасақ құрамы қолдау көрсетуде

– Біз соғыс көрген адамбыз. Тәжік-ауған шегарасында әскери борышымызды өтеу барасында әскери қақтығыстар мен қоян-қолтық ұрыстарға куә болғанбыз. Елімізде орын алған кешегі жағдайға байланысты біз де елдің, жердің жанашыр азаматы екенімізді көрсетіп, тәртіп сақшыларымен бірге ерікті жасақ ретінде блок-бекетте тұрмыз. Себебі бірлескен істе береке барын жақсы білеміз. Қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысы қауырт болатыны түсінікті. Қызмет солай болғанмен ел тыныштығы жолындағы жұмыста ол да сіз бен біз секілді мүдделі жандар. Сондықтан жерлестерімді сақшылардың жұмысына түсіністікпен қарап, төтенше жағдай талаптарын қатақ сақтануға шақырамын. Әсіресе коменданттық сағатта ретсіз жүруге болмайтындығын ескертемін. Қай кезде болмасын тәртіп сақтаған жөн, - дейді тәжік-ауған соғысының ардагері З.Әжіғұлов.
Иә, жанашыр азаматтардың бұл ісіне жұрт сүйсінер. Екі күндей Сексеуілдегі шойын жол үстінде тұрып қалған пойыз жолаушыларына жылы-жұмсағын ұсынып, ас-ауқатпен қамтамасыз етуде қайырымдылықтың озық үлгісін көрсете білген жерлестер әрекетіне жұрт сүйсінгені
Біз куә болған блок-бекеттегі жағдай да тура сондай қайырлы істің бір парасы. Жалпы Арал жұртшылығының қай уақытта болмасын қысылғанға демеу бола білетін қонақжай халық. Бұл жолы да аудан азаматтары елді бірлікке шақырып, қоғамдық тыныштықты сақтауға атсалысты.
А. ҚАРАСАЙ