Қазақстандық оқушылардың каникул мерзімі бекітілді

2022 жылғы 13 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес, меншік нысанына және қандай ведомствоға бағынатынына қарамастан, мектептердегі 2021–2022 оқу жылының кезеңі мынадай мерзімге белгіленді:
Оқу жылының ұзақтығы:
1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11-інші (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) сыныптарда:
күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы демалыс – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 16 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі демалыс – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда).
Сондай-ақ 1-сыныптарға арналған 7 күн қосымша каникул 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығына белгіленді.
kyzylorda-news.kz