Дүкенге ұрлыққа түскен қызылордалық ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен дүңгіршекке ұрлыққа түскен қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге өз заттары толықтай қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

kyzylorda-news.kz