Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мәдениет үйінде телефон ұрлаған ұры қолға түсті

Қызылордада мәдениет үйінде телефон ұрлаған ұры қолға түсті

Қызылорда қаласындағы мәдениет үйінде ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағында орналасқан мәдениет үйінің бірінші қабатында сахнасында тұрған «Iphone11» үлгісіндегі ұялы телефонын ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұялы телефонды ұрлаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге ұялы телефоны қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

kyzylorda-news.kz
29 желтоқсан 2021 ж. 329 0