Қаңтар оқиғасы кезінде 1,5 мыңға жуық ғимарат пен үй-жайлар зардап шекті

Оның айтуынша, 71 мемлекеттік мекемеге зиян келтірілді, оның 12-і әкімшілік ғимараттар мен 27 полиция объектілері.
«Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері, олар зақым келтіруден өзге толықтай тоналды олардың саны – 1 395. Одан өзге 700-ден астам автокөліктер зақымдалып, жойылды, оның 500-ден астамы полицияның, Қорғаныс және Төтенше жағдай министрліктерінің жедел жәрдем және өзге органдардың қызметтік көліктері. Сондай-ақ 116 жеке адамдар көліктері.
Шабуылдар барысында 7 аңшылық дүкендеріне шабуыл жасалып, тоналды олардан 1 564 дана азаматтық қару ұрланды», – деді спикер.
kyzylorda-news.kz