Қазалылық полицейлер заңсыз ақбөкен аулаған облыс тұрғындарын ұстады

Тексеру барысында мотокөліктің жүк салғышынан 1 бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың денесі және 1ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығы, 3 дана патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Күдікті ретінде екі азамат ұсталды.
«Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz