Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балыққа да ауа қажет!

Балыққа да ауа қажет!

Бүгінгі күні Арал ауданы аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде мұз қабатының қалың қатуы байқалуда. Осы уақыттарда су асты жануарларына күн сәулесінен түсетін еріген оттегінің жетіспей қырылу қаупі туындауы мүмкін.

Сондықтан су айдындары мен учаскелеріне мұздан үкі ойықтар ойып қамыстан түтікше арқылы ауа жіберу жұмыстары арқылы балықтардың қырылуының алдын алуға болады.

Аталған кезекті іс шараны Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ ихтиологы мен инспекторлары Резервте тұрған Ақбілек көліне үкі ойықтар ою жұмыстарын жүргізді.

Су маржаны балық шабақтарды ауа жетпей қырылуынан сақтау мүмкіндігін жіберіп алмай келешек ұрпаққа мұра болып қалатын балық қорын сақтауға атсалысайық!

Іс шара жүргізу барысында барысында техникалық қауіпсіздік ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін назарларыңызға алуды сұраймыз!

Қызылорда облыстық табиғи ресурстар басқармасы

02 ақпан 2022 ж. 549 0