Даусыз сипаттағы талаптардың жедел әрі тиімді шешілуін қамтамасыз ететін құқықтық тәсіл
Бүгінде заманымыз дамыған сайын дау-жанжалдардың да түрі көбейді. Солардың басым көпшілігінің талабы алажақ ақша өндіру болып келеді. Бірінің қарызы қайтса, енді біреулері дауласып жүремін бе?-деп, арызданбай жылы жауып қоятындар да бар.
Міне осындай жағдайларда алажағын, мейлі ол ақша-қаражаты болсын, мейлі жылжымалы мүлкі болсын еш қиындықсыз атқарушылық жазба жасатып, өндіріп алуға болатынын біреулер білсе, біреулер біле бермейді.
2015 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен «Нотариат туралы» Заңға атқарушылық жазбаларды жасау мәселесіне қатысты толықтырулар енгізілді. Келе-келе заңдағы атқарушылық жазба негізінде берешекті өндіріп алу жүргізілетін даусыз талаптар қатары толыға түсті.
Атқарушылық жазба борышкерден өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша сомасын өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді және Нотариат туралы заңның 34-бабының 15-1) тармақшасына орай нотариустар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер түрлерінің бірі болып табылады.
Демек, қолыңызда борышкердің қарыз екенін дәлелдейтін нақты құжатыңыз болса, әрі құқыңыздың бұзылғанына үш жыл өтпесе, алажағыңызды өндіріп алу үшін нотариустан атқарушылық жазба алуға болады.
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңының 92-1 бабының 2 тармағында атқарушылық жазба негізінде бұдан өзге қандай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізілетіні айқындалған.
Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге олардың көшірмесін табыс етеді.
Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа қойылып отырған талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы. Онда, мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.
Егер белгіленген мерзімде борышкерден қарсылық келіп түспесе, нотариус өндіріп алушыға орындауға беру үшін атқарушылық жазбаны береді.
Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Онда көзделгендей, атқарушылық жазба атқарушылық құжат болып табылады.
Байқап отырғандарыңыздай, нотариустың атқарушылық жазбасы – даусыз талаптар бойынша сот отырысынсыз, тараптардың қатысуынсыз дауды реттеуге бағытталған оңтайлы тәртіп.
К.Садуақасова,
Арал аудандық сотының төрағасы