Көлік күтіп аялдаған жанға аялдама керек

Мәселен қазір қаланың Суворов мөлтек ауданында аялдама жоқ. Бұрын ескі түрі тұратын еді. Үлкен көшеміз жөнделгелі оны да алып тастады. Енді сол орнына және жаңадан түскен мемлекеттік тұрғын үйлер жағына тағы бір аялдама орнатылса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі ол аялдамалар қыстың суығы мен жаздың ыстығында жолаушылар үшін үлкен көмек. Осы тілегімізді аудан билігі назарына алса екен дейміз.
Иә, аудан әкімі қандай жұмысты қолға алса да бәрі халық үшін екенін жақсы білеміз. Тек тез бола қоймады, біте қоймады деп сабырсыздық танытып жататынымыз бар. Біздің осы көтерген мәселемізді де ескеріп, ұсыныстан бір нәтиже шығарар деген үміттеміз. Бәрі де уақыттың еншісінде.
З. АЙЖАРЫҚ,
қала тұрғыны