Павлодар - Қызылорда тасжолында көлік қозғалысы шектелді

«Ауа-райының күрт нашарлауы, яғни толассыз қар жауып, боранның түтеуі салдарынан жолдарда көру мүмкіндігі шектелуіне байланысты Қарағанды учаскесі мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі 967-1135 шақырым жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, аймақтағы дауылды ескерту мерзімі 14 ақпанның кешіне дейін ұзартылды.