Қайраддин Баймаханов: Достарымыз мәңгі жадымызда
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына орай Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің курсанттары Ауған соғысы ардагерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
«Ауғанстан – біздің есімізде» деп аталатын шараға әскери-техникалық мектебінің басшылығы мен ұжымы, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов пен әскери-техникалық мектептің бас механигі Ауған соғысының ардагері Станислав Ким қатысты.
Кездесу ауған соғысында қаза тапқан жауынгер қандастарымызды бір минуттық еске алумен басталды. Ардагерлерді мерекелерімен құттықтаған Әскери-техникалық мектеп директоры Рахметулла Мұхамбетоволарды арнайы дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Курсанттар жекпе-жек ұрысы бойынша шеберліктерін көрсетті. Ардагерлерге арнайы дайындаған сыйлықтарын тапсырды.
«Соғыстың аяқталғанына биыл 33 жыл. Біз осы соғыста қаза болған жауынгерлеріміз бен достарымызды жиі еске алып тұрамыз. Олардың жасаған ерліктері ешқашан ұмыт болмайды», – дейді ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов.
kyzylorda-news.kz