Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жеңілдетіледі

Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жеңілдетіледі

ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі туралы» Заңның 3-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылу, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.

 Тіркеуші орган аталған Заңның 21-бабында көрсетілген жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар тізбесін түгендейді. Бұдан әрі жасалатын мәміленің және жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің  заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеріледі.
Құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасалып, жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не аталған  заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты шешім қабылдайды.
Тіркеуге тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптарға тоқтала келсек, онда жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын, тоқтатылуын, ауысуын, шектеуін растайтын құжаттар тиісінше ресімделген түрде қабылданады. Тазартулары бар не қосымша жазулар жазылған, сызып тасталған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулері бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды. Құжаттың түпнұсқасы тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылады. Өтініш берушінің тілегі бойынша тіркеуші орган тіркеуге табыс етілген құжатта жазба жасау арқылы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу жүргізілгенін куәландыруға тиіс.
Ал, құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, электрондық тіркеу жүзеге асырылады.
Электрондық тiркеу нотариус мәмілені куәландырғаннан, мұраға құқық туралы куәлікті немесе меншік құқығы туралы куәлікті бергеннен кейін жүзеге асады. Құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi.
Осы Заңның 22- бабына сәйкес, ортақ бірлескен меншік құқығының туындау, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар не олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариат тәртібімен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруіне, тоқтатылуына мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) беруі тиіс. Яғни, жылжымайтын мүлік жұбайларға ортақ меншік ретінде құқықтық кадастрге жазба енгізіледі.
Құқық белгілеуші құжаттарды тіркеудің  алты ай мерзім уақыты өтіп кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 460-шы бабына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылатын.
Алайда, 2021 жылғы 26 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынып тасталды.
Сонымен қатар, құқықтық кадастрді тіркеуші орган жүргізеді және онда жылжымайтын мүлікке қолданылатын және тоқтатылатын құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы мәліметтер, құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.
Яғни, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» дерекқорына енгізілген мәліметтер жойылуға, алынып тасталуға жатпайды және де ақпараттық жүйеде сақталады.
А.Алибекова
Қызылорда облысы әділет
департаментінің бас маманы 

kyzylorda-news.kz
16 ақпан 2022 ж. 794 0