Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолды қартайтатын 5 қателік

Қолды қартайтатын 5 қателік

Күнделікті қарапайым әрекеттер денсаулығыңызға және қол терісінің сұлулығына зиян келтіріп жатқанын байқамауыңыз мүмкін. Қол терісінің ерте қартаюына ықпал ететін көпшілік жіберетін қателіктерді ұсынамыз.

Бет пен дене терісіне қарағанда қол терісі өте жұқа. Сондықтан ол жас ерекшелігі өзгерістеріне белсенді ұшырайды. Оған қоса, көпшілік адам қолға бетке секілді арнайы күтім жасай бермейді.

1-қателік: Қолды суға жиі салу және тұрмыстық химия қолдану кезінде қолғап кимеу

РЕКЛАМА
Көпшілік әйел жіберетін кең тараған қателіктің бірі — үйді тазалау кезінде арнайы қолғап кимеу. Тазартушы құралдар мен ұнтақтар, ыдыс жуатын құралдар және үнемі қолды суға салу — мұның барлығы теріні құрғатады, ал ол оның қартаюына ықпал етеді.

2-қателік: Теріні уақытылы ылғалдандырмау

Тері, әсіресе суық мерзімде ылғал жоғалтатынын білеміз. Бұл жағдайды кеңсе мен үй ішіндегі ауаның құрғақ болуы, тұрмыстық химия қолдану және тоңып қалу одан әрі ушықтырып жібереді. Бұл проблеманы шешу үшін қолды крем көмегімен ылғалдандыру жеткілікті. Әр ыдыс жуғаннан кейін, үй жинағаннан соң, далаға шығарда және ұйықтар алдында қолға крем жағуды әдетке айналдырыңыз. Қолға арналған кремдерде әр жерге қойып қойыңыз және міндетті түрде сөмкеңізде біреуі болғаны дұрыс. Сол кезде бұл пайдалы әдетті ұмытып кетпейсіз.

3-қателік: Антибактериялық құралды қосымша күтімсіз жиі қолдану

Антибактериялық сабын, майлық немесе спрейді күнделікті қолдану — өмірімізге енген әдеттің бірі. Ол бактериялар мен вирустардың жұғу қаупін азайтқанымен, қол терісінің жағдайына негатив әсер етеді. Антибактериялық құралдар теріні қатты құрғатады, сондықтан оларды жиі қолдансаңыз, теріні ылғалдандырып тұруды ұмытпаңыз. Сондай-ақ арасында қолды тұзды суға салып, маскалар жасаңыз. 

4-қателік: Далаға қолғапсыз шығу

Қыста қол қосымша күйзеліске ұшырайды: көпшілік адамның қолы тоңған кезде терісі құрғайды, қызарады және тітіркенеді. Мұндай проблема орын алмас үшін далаға жылы қолғапсыз шықпаған жөн.

5-қателік: SPF-құрал қолданбау

Қай мерзімде болмасын жиі кездесетін қателік — теріні күннен қорғамау. Қол бетке қарағанда күн белсенділігіне жиі тап болады. Себебі ол тіке күн сәулесінің астында тұрады. Ультракүлгін теріміздегі гиалурон қышқылын бұзады, ал ол оның құрғауына және әжімдердің пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан да ұзақ серуендеу кезінде немесе демалысқа шыққанда қол терісін SPF-құрал жағу арқылы қорғауды ұмытпаңыз.

massaget.kz
16 ақпан 2022 ж. 510 0