Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер балалардың жарық шағылыстырғыш таяқшаны қолдануына кеңес береді

Қызылордалық полицейлер балалардың жарық шағылыстырғыш таяқшаны қолдануына кеңес береді

Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі түнгі мезгілде орын алады.     
Түнгі уақытта балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің жауапты қызметкерлері балалардың жаяу жүргінші өткелінен өтетін кезде жарық шағылыстыратын таяқшаны қолдануға кеңес береді.    
Автокөлік жүргізушісі жарық шағылыстыратын таяқшаның жарығы арқылы жаяу жүргіншіні 130 метр қашықтықтан байқай алады.
Балалардың жарық шағылыстыратын таяқшаны түнгі мезгілде қолдануы автокөлік жүргізушілерінің назарын аударып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.               
Айта кетерлік, қызылордалық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің, оның ішінде балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында  тұрақты түрде  жұмыстар жүргізуде.  

kyzylorda-news.kz
17 ақпан 2022 ж. 515 0