Әскери-техникалық мектеп жаңа курсанттармен толықты

Олар алдағы бір айдан астам уақыт аралығында жоспарға сай тиісті жауынгерлік даярлықтарын шыңдап, әскери тәртіппен танысады. Әскери теориялық жетілдірген білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға да уақыттары жетерлік. Сарбаздар әскери ант қабылдау рәсіміне дейін екі мәрте қарудан оқ атып тәжірибеден өтеді. Тактикалық дайындық пен қаруды қалай қолдану керектігін де меңгереді.
– Қырық күн ішінде әскери өмірдің барлық қыр-сырын толық меңгеру әрине қиын. Бірақ та, осы мүмкіншілігімді пайдалана отырып қару-жарақты қалай пайдалану керектігі мен әскери тәртіпті үйреніп, басқа жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындауға дайынмын. Осы техникалық мектепті бітіріп, әскери ант қабылдау алдағы басты мақсатым, – дейді әскери-техникалық мектебінің курсанты Мағжан Сайлау.Аталған әскери-техникалық мектепте сарбаздарға әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндіктер көп. Дәріс беретін мұғалімдердің білімі мен біліктілігі және курсанттармен жұмыс істеу тәжірибелері де жоғары. Мектеп оқытуды сапалы ұйымдастыру үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
«Атқыш» мамандығын меңгеріп шығатын сарбаздарымыз еліміздің Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайын.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант