Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – баршаға міндет

Жемқорлықпен күрес – баршаға міндет

Сыбайлас жемқорлық үлкен әлеуметтік қасірет болып саналатын, саяси-экономикалық дамуды тежейтін, әлемдегі барлық елдерді алаңдатып отырғандығы анық.
  Қызметін теріс пайдалану қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, пара беру, пара алу, парақорлыққа итермелеу, қызметтік жалғандық жасау,   сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету,  осы тектес қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың әкелетін үлкен  қасіреті, ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саласына зиянын тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының әл-ауқатын төмендетеді. Бұдан бөлек, мұның бәрі халықтың ел үкіметіне сенімін жоғалтуына бірден-бір себеп болуы мүмкін.
Осы орайда, «Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ арқылы көрсетілетін техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтер elicense.kz порталы арқылы көрсетіліп, сонымен қатар «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатысу үшін құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қабылданып, қызметтер көрсетілуде.
Өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің азаюына себеп болады деп есептейміз.

О. ДАБЫЛОВ,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
21 ақпан 2022 ж. 362 0