Жаңылтпаш айта білеміз бе?

Атпақ ек бiр-бiр құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық бiз құрдан-құр.
***
Алты алманы алды Алма,
Алды алманы Алдан да,
Алдан, Алма алды алма
Ал, есебін, алданба.
***
Байқап-байқап тал арала,
Тал ішінде талар ара.
Араласаң, қала арала,
Таппай сені қалар ара.
***
Жамал Жаңылды,
Жалындырмақшы болды.
Жаңыл Жамалды,
Жаңылдырмақшы болды.
Жаңылдырғаны дұрыс па?
Жаңылдырмағаны дұрыс па?
***
Күз, кез, күз,
Күш, кеш, көш,
Кір, кер, көр,
Күл, кел, көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды тез?
***
Қай тайлақ лақтай,
Қай лақ тайлақтай?
А.НҰРЛАНОВА