Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазасын өтеуші: Бұған дейін нағыз дін тек арабтарда деп ойладым

Жазасын өтеуші: Бұған дейін нағыз дін тек арабтарда деп ойладым

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изолияторында экстремизим және тероризм көзқарастары бойынша сотталған азаматтар қамауда отыр. Бұл азаматтарды дәстүрлі емес діни топтар өздерінің ықпалына түсріп, қазақ халқының аксиологиялық құндылықтарынан ажыратып, тарихы мен мәдениетінен, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарынан және діні мен ділінен айыруға тырысты.

Мұндай дәстүрлі емес діни топтардың идеялогиясының шырмауына түскендердің, тарихи, мәдени және саяси тұрғыдан иммунитет қалыптастыру мақсатында, дін істері басқарамасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бастығының орынбасары А.Боранбаев мекемеге келіп, жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Ол адасқан жандарға, қазіргі таңда жастарымыздың басым көпшілігі «таза ислам» деген сөзге алданып,  «жихад» деген ұғымды сылтау етіп, ел бірлігі мен діни тұтастыққа қауіп төндіретін айтып, саяси ойынның құрбаны болып кетпеу қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, қазақ халқының ғасырлар бойына қалыптасқан діни-рухани көзқарасы мен мәдени мұраларын оқып үйреніп, алдағы уақытта дәстүрлі емес діни топтардың арбауына түспеуге шақырды. Дін істері басқарамасынан келген  өкілімен әңгімелесу еркін форматта өткендіктен, жазасын өтеушілер  өз ойларын ашық білдірді.
Алғаш діни сабақ ала бастағанымда, нағыз дін арабтарда, сол үшін тек қана арабтардан оқып білу керек.  Шелпек тарату, құран бағыштауға болмайды, намаз оқымаған адам кәпір, оның затын тартып алуға болады деп үйретті. Ал, қазіргі  Аралбек Жұбатқанұлымен өткізілген сұхбат арқылы, керісінше кешегі ата-бабамыз ұстанған тарихи сананың – бүгінгі саяси ұстанымның негізі екенін түсіндім – деді жазасын өтеуші.

kyzylorda-news.kz​​​
23 ақпан 2022 ж. 547 0