Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өткізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өткізілді

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша Департаментінің департаменттінің бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы мен қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өткізді.
Жиынның басты мақсаты – сыбайластықтан таза қоғам қалыптастыру, 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру.
Мемлекет басшысының 2 ақпандағы №802 Жарлығымен қолданысқа енгізілген 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы мәлімдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін түсіндіріп, мемлекеттік органдар орындауға міндетті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» бағытының 4 жобасын таныстырды.
Сондай-ақ, облыс аумағында енгізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет институты туралы да сөз қозғалды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында әзірленген бейнеролик көрсетіліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді. Департамент қызметкерлері әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбір қызметші өзінен бастау керектігін айтып, адал, әділ және парасатты болуға шақырды.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
11 наурыз 2022 ж. 611 0