Қызылордада 427 146 адам вакцина салдырды

Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 427 146 адам (94,4%) алды. II компонентті 419 891 адам (92,8%) салдырған.
«Екпе алғандардың басым көпшілігі – облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш – Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарында. Медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылым қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ» – деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
kyzylorda-news.kz