1 сәуірде Қызылорда облысында «Уылдырық-2022» алдын алу шарасы басталады

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуді жоспарлауда.
«Рейдтік іс-шаралар 1 сәуір – 31 мамыр аралығында Сырдария өзенінде, 20 сәуір – 10 маусым аралығында барлық су айдындарында, сондай-ақ 1 мамыр – 10 маусым аралығында Кіші Арал теңізінде өткізіледі», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz