Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пітір садақаны міндетті түрде мешітке беру керек пе

Пітір садақаны міндетті түрде мешітке беру керек пе

Алматы Орталық мешітінің ұстазы Руслан Қайыргелді Zakon.kz сайтының пітір садақаға қатысты сұрағына жауап берді.
Ұстаз Руслан Қайыргелді «Пітір садақаны мешітке беру міндетті ме?» деген сұрағымызға жауап берді.
Біріншіден, пітір садақаны тек мешітке беру міндетті емес. Екіншіден, мұқтаж жандар көмек сұрауға көбіне мешіттерге баратынын жақсы білесіздер. Алматы орталық мешітінің өзінде 1600-ден астам отбасы тіркеліп, әрдайым көмек алып отырады. Қалада 52 мешіт болса, оның әрқайсында осындай мұқтаж отбасылар тіркелген. Оларға көмек көрсету қалалық мешіттерге берілген қаражаттан жүзеге асырылады. Пітір садақаны мешітке беруге кеңес береміз, бірақ бұл міндетті емес.Алматы Орталық мешітінің ұстазы Руслан Қайыргелді
Сонымен қатар Алматы Орталық мешітінің ұстазы пітір садақаны қазір бидаймен ешкім алмайтынын айтты. Оның айтуынша, пітір садақаны ораза кезінде қаражатпен, ұнмен беруге болады.
Сонымен қатар ramazan2022.kz сайтында арнайы «Пітір садақа беру» деген батырма бар. Осы арқылы пітір садақа бере аласыздар.Алматы Орталық мешітінің ұстазы Руслан Қайыргелді

kaz.zakon.kz​​​
30 наурыз 2022 ж. 831 0