"Тақия кигеннің бәрі имам емес": Ақтөбеде базарда пітір садақа жинап жүрген кім?

«Көшедегі тақия киген адамның бәрі имам емес. Бұл біріншіден. Екіншіден, имамдар көшеде жүріп пітір садақа жинамайды. Бұл жалған ақпарат», - дейді наиб имам.
Сонымен қатар мешіттің баспасөз қызметі пітір садақаны мешітте беруге болатынын айтты. Мешітте садақадан түскен ақша мұқтаж жандарға таратылып беріледі.