Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам қанша күн аш жүре алады?

Адам қанша күн аш жүре алады?

Тамақсыз өмір сүру ұзақтығы туралы нақты деректер беретін ғылыми зерттеулер жоқ. Зерттеулердің көпшілігі төтенше жағдайға тап болған адамдарға қатысты ғана.Орташа алғанда, адам тамақсыз бірнеше апта өмір сүре алады, бірақ сусыз 2-4 күннен кейін ағза жұмысын тоқтатады. Бірақ 27 жастағы Скотт Аргус Барберри 382 күн (басқа деректерде 392 күн) тамақ жемеген. Оның ашығу процесі дәрігерлер бақылауында өткен.

Шешім мида қабылданады

Бұл ақпарат 1973 жылы жарияланды. Басылымның мәліметінше, салмағы 214 кило болған Барбери бір жылдай бұрын Шотландиядағы Донни қаласындағы корольдік ауруханаға арықтау үшін көмек сұрап келген. Дәрігерлер оған бірнеше күн бойы ештеңе жемеуге кеңес беріп, арнайы ашығу бағдарламасын жазып береді. Бірақ 82 кило мінсіз салмаққа жетуді қалайтын Скотт бағдарламаны жалғастырып, аштықты ұзартуға шешім қабылдаған және ол бірнеше апта бойы ештеңе жемеген.

Дәрігерлерді таң қалдырған Барбери уақытының көп бөлігін үйде өткізген. Ауруханаға үнемі тексерілу үшін келіп, кейде бақылауда болып, түнеп жүрген.


Ашығу дәрігерлердің бақылауында жүзеге асуы керек

Дәрігерлер оның ешнәрсе жемейтініне көз жеткізу үшін қандағы қант деңгейін үнемі тексеріп отырған және мамандар қандағы қант деңгейінің соншалықты төмен болса да Барберидің  өліп қалмағанына таң қалған. Осылайша апталар айға ұласқан.

Ашығу кезінде Барбери дәрумендер, калий және натрий қоспаларын қабылдаған. Оған кофе, шай және газдалған сусындарды ішуге рұқсат етілген. Ол кейде дәрігерлерге шайға бір шымшым қант немесе сүт қосқан, әсіресе бұл аштықтың соңғы апталарында жиі болғанын айтқан.

Тәжірибе соңында Барбери салмағын өлшеп, өзі күткен 81 килоны көргенде қатты қуанған. Бес жылдан кейін оның салмағы 89 килоға дейін ғана көтерілген.

Ол ұзақ уақыт аштықтан кейін тағамның дәмін мүлдем ұмытып кеткенін айтқан.

"Бірінші жеген тағамым пісірілген жұмыртқа, сары май қосылған бір тілім нан және табиғи кофе болды. Маған жұмыртқа ұнады және өзімді керемет сезіндім", - деді ол келесі күні Chicago Tribune-ге берген сұхбатында.


Ашығу кезінде ағзада не болады?

Қазіргі заманғы сау адамға дененің барлық минималды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шамамен 1200 ккал және қозғалыс үшін тағы 500 ккал қажет. Егер сіз тамақтануды күрт тоқтатсаңыз, дене температурасы, қысым төмендейді және барлық процестер баяулайды. Ми ағзаға қажетті көмірсулардың жартысына жуығын тұтынады. Ұзақ мерзімді ашығу режимінде ол метаболизмді «қалпына келтіреді», сондықтан глюкоза қоймалары инсулиннің көмегінсіз бұлшықеттерге түсе алмайды. Бұл гормонның өндірісін блоктайды, бұлшықет тіндері қоректенбей қалады. Ми глюкозаның негізгі қорын (бауырдағы гликоген) өз қажеттіліктері үшін пайдаланады.

Жануарлар қысқы ұйқыға кеткен кезде адам ағзасы да процестерге ұқсас өзгерістерге ұшырайды. Егер гликоген қоры таусылып қалса, дене өз ұлпасының ақуыздарын тұтына бастайды, оларды глюкозаға айналдырады. Бұл жағдайда бұлшықеттер зардап шегеді. Сондықтан, ашығу процесінде барлық дерлік органдар өз салмағының үштен бір бөлігін жоғалтады, ал ми тек 2-4% -ға азаяды. Сонымен бірге адам өзінің май қорын жұмсай бастайды.

Адам ағзасының мүмкіндіктері

1964 жылы зерттеушілер ұзақ мерзімді аштық туралы зерттеу жариялады, онда аштық ауыр семіздіктің тиімді емі болуы мүмкін екені жазылған.

117 және 200 күн ұзақ уақыт ашыққан адамдар да тіркелген. Екеуі де емдеу кезінде дәрігерлердің бақылауында болмағандықтан қайтыс болған.

Бұл оқиғалар адам ағзасының өзінің май қорының есебінен ғана өмір сүрудің таңғажайып қабілетін көрсетеді.

Дегенмен, адам дәрігерлердің бақылауынсыз мұндай іске араласпағаны абзал. Ашығуды, сондай-ақ қалыпқа келу процесіне үйрену тіпті мүлдем сау және күшті адам үшін қиын және қауіпті.

Адамдар тамақтың немесе жасушалардың көп қорынсыз ұзақ өмір сүре алмайды – ағзаны үнемі энергиямен қамтамасыз етіп отыруы керек.

massaget.kz
10 сәуір 2022 ж. 2 756 0