Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледж мақтанышы

Колледж мақтанышы

Үстіміздегі жылдың 7 сәуірі күні  «QRDA» жоғары колледжінің ұйымдастырумен Үздік Жоба – 2022 «Цифрлы Қазақстан-жаңғыру даңғылы» атты облыстық ғылыми жоба өткізіліп, «Цифрлы индустрияны дамыту-білім беру саласына берілген тың серпін» бағытында Арал көпсалалы колледж студенті Ізбасаров Ерболсын қатысып, «Өмір қажеттілігі QR код» тaқырыбындaғы ғылыми жұмысын қорғады.
«QR коды-қазіргі заман талабы» атты шығармашылық зерттеу жұмысы үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған деп толық айтуға болады. Зерттеу жұмысы барысында студент үлкен ізденіс үстінде болды. Тақырыпты зерттей отырып, QR кодының қыр-сырына тереңінен үңіліп, оның әр салада қолданылуын зерттеді, пайдасы мен тиімділігі, кемшіліктері туралы, QR кодын оқуға арналған программалар жайлы мәліметтер жинақтады, баспасөз материалдарымен танысып, тәжірибеде қолдана білді.
Бұл деректер тақырыпты кеңірек ашып, жүйелеуге септігін тигізгені анық. Ерболсын өз қызығушылығы мен шығармашылығын  ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана білді.
Зерттеу бөлімінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты "Ashyq" қосымшасы туралы көптеген ақпараттар берді, Ерболсын жан-жақты іздене білді. 
Нәтижесінде жоба қорытындысы бойынша  Ізбасаров Ерболсын ІІ орынға ие болды.
Ерболсынға осы ғылыми зeрттeу жұмысына сәттілік тілеймін.

Тажибаева Замзам Дайрабаевна,
Арал көпсалалы колледж ғылыми жоба жетекшісі
11 сәуір 2022 ж. 643 0