Жаңа дәуірдің – жаңа технологиялары

–Біз жаңа технологиялардың тілін біліп, заман талабына сай жұмыс жасауымыз керек. Бұл келешек ұрпақ алдына қойылған ұлы міндеттердің бірі. Сіздер өз мамандықтарыңыздың технологиялық тілін меңгеру арқылы биік шыңдарды бағындыруларыңыз керек – деген колледж директорының орынбасары Е.Садақбаев семинарды ашып сөз сөйледі.
Семинар барысында ақпараттық технологиялар тақырыбында бірқатар баяндамалар талқылады. Соның ішінде, «IT технологияларын өндірісітік сабақта пайдалану» тақырыбы бойынша колледжінің өндірістік оқу шебері Қайрат Жамашов пен бағдарламашы Әділет Ерсайынұлы «3 D принтері» тақырыбында жасаған баяндамалары көптің ерекше қызығушылығын танытты.
Сондай-ақ, семинарға қызықты, ғылыми негіздегі тақырыптарда зерттеу баяндамаларын ұсынған студенттер жүлделі орындар еншіледі. Атап айтар болсақ, Берікбол Ермекбаев Іорынды, Ізбасар Жасаев ІІорынды, Сая Ұзақова ІІІ орынды иеленді. Семинарға қатысқан басқа да студенттер түрлі номинациялармен марапатталды. Семинарды колледждің оқу-ісі жұмыстарының меңгерушісі Р. Жаймақова,оқу орнының әдіскері А. Бәйімбетова қорытындылады.
Замзам Тәжібаева
Арал көпсалалыколледжі
информатика пәні оқытушысы