Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

АРАЛДА АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға, адамгершілік нормаларды қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуге бағытталған білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Соған сәйкес, әрбір педагог балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу, балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту, әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуі керек-ақ. Ол үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игерудің рөлі ерекше. Осы бағытта әрбір тәрбиеші нновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін зерттейді, үйренеді әрі шығармашылық тұрғыда жан-жақты ізденісте болады.
Осы орайда бүгін ауданымыздағы «5-6 жастағы балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу» тақырыбында семинар өткізілді.
Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен Арал қаласындағы «Алтын балық» бөбекжайында ұйымдастырылған аймақтық әдістемелік семинар аталған ұжымның шығармашылық ізденістерін, жаңашыл бағыттарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Қазалы, Арал аудандарынан 50-ден аса педагог қатысты.
Аймақтық семинар өтпелі айлық тақырыпқа сәйкес «Әрқашан күн сөнбесін!» музыкалық прологынан бастау алды. 
Шараны ашқан Қызылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева, баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау міндетінің маңыздылығына тоқталды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім беру процесінің тиімділігін арттыру мәселелері, оның ішінде, заманауи әдістер мен технологияларды енгізу және қолдану, сауықтыру-шынықтыру шараларын жетілдіру, робототехника үйірмелерін ашу, балалардың іздену-эксперименттік әрекеттерін ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жаңашылдық пен шығармашылық бағыттар семинар барысында көрсетіліп, талқыланатынын жеткізді. 
Өз кезегінде сөз алған Арал аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды. 
Семинар барысында қонақтарға «Көңілді әуе шарлары», «Путешествие в страну Рисованию» кіріктірілген дене шынықтыру және сурет салу оқу қызметтері ұсынылып, кішкентай зерттеушілердің «Көбелек пен инелік» экология оқу қызметіндегі зерттеу жұмыстары, «Көңілді робот» үйірмесі таныстырылды. Сонымен қатар, ақпарат технологияларды қолдана отырып «Біз зерттейміз» тақырыбында және “Thigs I can do !” тақырыбында ағылшын тілі оқу қызметінде шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен бірге, тәрбиешілердің шығармашылық жұмыстары «Сұйық заттармен тәжірибе» және «Ғарыш. Жұлдыздар. Кеңістік» жобалары ұсынылды. 
Семинар соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, аталған ұсыным қабылданды. Семинар қорытындысымен шығармашыл педагогтар арнайы сертификаттармен марапатталды.
24 мамыр 2018 ж. 1 267 0