Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық семинар өтті

Аудандық семинар өтті

Үштілділік –заман сұранысы. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып, жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Осы орайда, жуырда Сартай балабақшасында  аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарына арналған «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҮШТІЛДІЛІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Үштілділік құзыреттілікті қалыптастыру, балаларды тілдік байланысқа және алғашқы ұғымдарды жас ерекшеліктеріне сай меңгерту және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, іс-тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған семинарға аудандағы барлық балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты. Семинарға қатысушылар бөбекжай ішіне саяхат жасап, тәрбиешілердің шеберліктерімен дайындалған шығармашылық шеберхананы тамашалап, әр топтардағы ұйымдастырылған қызметтерге кіріп, өзара тәжірибе алмасты.
Мәселен, «Солнышко» ІІ-кіші тобында, «Балдәурен» ересек тобында, «Балбөбек» ерте жас тобында үш тілде оқу қызметтері көрсетілді. Ал, «Пчелки» ересек тобында жобалау-зерттеу технологиясы бойынша «Химия и физика в детском саду» атты зерттеу жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, «Ромашка», «Балдырған» ІІ кіші топтарында «Прогулка в весеннем дворе», «Құстарға қамқор болайық» тақырыбында серуендеу жұмыстары жүргізіліп, бүлдіршіндер табиғат аясында түрлі ойындар ойнап, торда тұрған әр түрлі құстармен танысып дос болды.
 Бөбекжайдың дене шынықтыру нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Футбол әлемі» футбол ойынының элементтерін қолдану ересектер тобында үйірме жұмысы нәтижелі болып өтті.
Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер туған жерімізді насихаттау мақсатында «Аралым-алтын бесігім», «Арал қаласы мұражайы» тақырыбында жоба қорғап, өздерінің Отанға, Елге, Жерге деген құрметтерін көрсетіп насихаттады.
«Бәйтерек» тобы тәрбиеленушілерінің «Дос іздеген бота» ертегі қойылымы, «Улыбка» ортаңғы тобының «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны өте жақсы деңгейде көрініс тауып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Семинар жұмысы бөбекжай логопеді мен әдіскерініңқатысушы педагогтерге арналған тренингімен және «Робототехника» элементтерін балабақшада пайдалану жөніндегі шебер сыныбымен тәмамдалды.
Аудандық семинарға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші орынбасары  Т.Қанатов, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова және Арал қаласы әкімінің орынбасары П.Берсүгіровтер  қатысып, өскелең ұрпақ жас бүлдіршіндерге өздерінің жүрек жарды жылы лебіздерін білдіріп, кішкентай бүлдіршіндерге ақ тілектерін жаудырды. Семсинар соңында қатысушылар бөбекжай ішіне саяхат жасап, тәрбиешілердің шеберліктерімен дайындалған шығармашылық шеберхананы тамашалады.
         С.Үсенқұлова
21 мамыр 2018 ж. 3 221 0