Мектеп түлектері кешін өткізуге арналған нұсқаулық әзірленіп жатыр

«Түлектер кешіне келер болсақ, әріптестерімізге нұсқаулық пен тиісті тапсырма жолданады. Ешқандай лимузин мен қымбат салтанатқа жол берілмейді», – деді ол.
Бұған дейін министр биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтетінін айтқан болатын.
Айта кетері, өткен жылы пандемияға байланысты мектептерде соңғы қоңырау мектеп ауласында ата-аналардың қатысуынсыз өткен еді.
Осы жылы оқушылар төртінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына байланысты балалар мектепке барып оқиды.
kyzylorda-news.kz