Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап мобильді ақша аударымдары бақылауда болады

Бүгіннен бастап мобильді ақша аударымдары бақылауда болады

Бүгіннен бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бақылауда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаржы министрінің осыған қатысты 29 наурыздағы бұйрығы бүгін күшіне енеді. Мобильді аударымдарды бақылау арқылы жеке тұлғаның кәсіпкерлікке қатысы бар-жоғы анықталады. Яғни жеке тұлғаның банк шотына қатарынан 3 ай ішінде 100 және одан да көп тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен пайда табу деп есептеледі.
Ел арасында бұл мәселе қызу талқыланды. Наразы болып жатқандары көп. Кейбір кәсіпкерлер осыны пайдаланып, салық төлегісі келмейді. Бірақ мұның салдары қандай боларын ойлауымыз керек. Адамдар салық төлемесе, онда бюджетке ақша түспейді. Егер салық төлегісі келмеген кәсіпкер болса, онда ол баласын мектепке бермесін, емханада қаралмасын, мемлекет ұсынып отырған қызметтерді пайдаланбасын. Өйткені осының барлығы салық есебінен өтеледі. Салық төлеу бір бөлек, ал сол ақшаның қалай жұмсалып жатқанын қадағалау мүлдем басқа мәселе. Меніңше, адамдар салық төлеу керек және сол салықтың қайда жұмсалып жатқанын біліп отыру қажет. Мұны талап етуге әркімнің құқы бар», – дейді қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев.

kyzylorda-news.kz​​​
15 сәуір 2022 ж. 501 0