Аралда бір тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1650179815_2022-04-17-crop-19_357_697x929_whatsapp-image-2022-04-17-at-12_16_33.jpeg)
Рейд барысында сағат 10:30 шамасында Арал ауданының Қарашалан-Бөген автожолында «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында Шөмішкөл елді мекенінің тұрғыны тиісті құжаттарсыз жалпы салмағы 1261 кг балық тасымалдағаны анықталды. Келтірілген залал 2 317 466 теңгеге жеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.