Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Аймағамбетов: «Өзін-өзі тану» негізгі пәннен алынып тасталады

Асхат Аймағамбетов: «Өзін-өзі тану» негізгі пәннен алынып тасталады

Енді «өзін-өзі тану» пәні оқушылардың таңдауына қарай оқытылады.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатында айтты.
Қазіргі таңда аталған пән қосымша емес міндетті пән ретінде бірнеше жыл оқытылып келді. Жұмасына бір сағат өткізіліп жүр. Жүргізілген талдаулар нәтижесінде  осы пәнге қатысты шешімдер қабылдадық. Келесі оқу жылынан бастап «өзін-өзі тану» пәні бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауымен оқытылады. Мысалы, егер  5 сынып оқушылары осы пәнді оқимыз деп таңдау жасаса тек сол  5 сынып кезеңінде ғана пән кіретін болады. Таңдамаса, міндетті пән ретінде мүлдем оқытылмайды, - деді Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбаетов.
Сондай-ақ Аймағамбетов   «әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандық иелері педогог қызметін атқара беретінін айтты. 
Оның ең бірінші мамандығы – әлеуметтік педагог. Сондықтан диплом алған жастар әлеуметтік педагог ретінде жұмыс істей береді. Ал мектептерде бұл пәннен көбіне басқа пән мұғалімдері қосымша оқытқан. Олар өз мамандықтарымен сабақ беруді жалғастырады. Жоғары оқу орындарында осы мамандықтың бастапқы бірінші, екінші курсында оқып жүрген студенттер басқа мамандыққа ауыса алады, - деп атап өтті Аймағамбетов.

baq.kz​​​
19 сәуір 2022 ж. 643 0