Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, заңнамадағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша, тараптар өзара келісіп, жауапкер берешек қарызын айына 250 000 теңгеден төлеп құтылуға міндеттенген.
Партисипативтік келісімге екі тараптың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі