Азаматтық дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешілді

Талап қоюшы С.Г. талап арызында, жауапкер Ж.А-дан қарыз ақшасын өндіруді сұраған.
Алайда, сот отырысында тараптар сотқа адвокаттарының жәрдемдесуімен татуласқандары туралы партисипативтік келісімді ұсынып, оны бекітуді сұраған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі