Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік дау өзара келісіммен реттелді

Алайда, алдын ала сот отырысы барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарты бойынша, тараптар тұрғын үйді ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі деп, ондағы үлестерін бөлу жөнінде өзара келісімге келген.
Партисипативтік келісімге талап қоюшының адвокаты мен жауапкердің сенімді өкілі қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі