Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы
28 сәуір күні республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің тек батыс жартысында, қиыр солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте онымен бірге шаңды дауыл болады.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз өңірдің орталығында шаңды дауыл күтіледі.
kyzylorda-news.kz