Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – жалпыға міндет

Жемқорлықпен күрес – жалпыға міндет

Жемқорлықты жеңу Қазақстанның нақты мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жайы жиі айтылып жүр.
Жалпы, жемқорлықтың сипаты да бүгінгі уақытта айқындалып, күресу жолы анық көрсетіліп келеді. Лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы екені белгілі. Көбіне бұл жемқорлық термині бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады.
Бұл тек елемізде ғана емес, әлемнің кез келген елінде бар. Саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Ол осындай ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді. Елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Осындай кедергілерді болдырмау үшін қазіргі уақытта ел болашақтарын ерте бастан сыбайластыққа қарсы көзқараста тәрбиелеу маңызды. Мәселен, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетін қалыптастыру мақсатында еліміздегі университеттерде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы – жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. Өйткені елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында.
Марат Латиев,
Қарақұм ауылдық округінің жетекші маманы
13 мамыр 2022 ж. 607 0