Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты

Қызылорда облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі ауруға қарсы препараттар сатып алынады. Бекітілген 5 айлық жоспарға сәйкес, жануарларға – 3052,5 мың доза препарат егілуі қажет. Бүгінде оның 75,9 пайызы орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады.
«Жануарлар арасында бруцеллез ауруына қарсы 151,5 мың бас мүйізді ірі қара, 147,1 мың бас уақ малға диагностикалық тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, 16 бас мүйізді ірі қарадан оң нәтиже анықталды. Оларға ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілді. Биыл ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің бекітілген жоспарына сәйкес, «Жасыл дәліз–3» жүйесі арқылы тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдын ала дерек бойынша облыста бірдейлендіру жүргізілмеген 36 531 бас жануар нақтыланды. Қазіргі таңда 49 239 бас мүйізді ірі қара қор базасына енгізілді. Сонымен қатар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына қол қойылды. Осыған сәйкес, өңірде «Үй жануарларын ұстау және серуендету», «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» қағидалары бекітілетін болады. Қазіргі таңда облыс әкімдігі тарапынан 7 жоба қарастырылды. Алдағы уақытта 4 жоба әзірленеді», – деді басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

kyzylorda-news.kz​​​
14 мамыр 2022 ж. 588 0