Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянды өндіру туралы дау медиациямен реттелді

Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянды өндіру туралы дау медиациямен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Ж-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшы талабында, 31 шілде 2021 жылы жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алғанын, жауапкер жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай көлігіне соқтығысқанын көрсетіп,  жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген 139 046 теңге мүліктік зиян өндіруді сұраған.
Аталмыш істі сот талқылауына дайындау барысында судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген.
Татуластыру шараларының нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.
Медиациялық келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талапты мойындап,   берешек соманы мамыр-шілде айларында төлеп құтылуға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдаған.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
18 мамыр 2022 ж. 348 0