Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүліктік дау медиациямен реттелді

Мүліктік дау медиациямен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы З. мен жауапкер Д. арасындағы мүліктік дау медиация тәртібімен аяқталды.
Талап қоюшы арызында, жауапкермен бірге тұрған уақыттары тұрғын үй сатып алғандарын көрсетіп, тұрғын үйді ортақ меншік деп танып, жылжымайтын мүліктен үлесін анықтап беруді сұраған.
Аталмыш істі сот талқылауына дайындау барысында, судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген. Осыдан соң тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.

Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер тұрғын үйді баласының атына рәсімдеп беруге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдаған.

Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
19 қаңтар 2022 ж. 385 0