Қызылордада қараусыз жүрген үй жануарларының 400-ден астам иелері әкімшілік жауапқа тартылды

Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тас жолдардың бойында үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында 40 үй жануарларының макеті орнатылды.
Сонымен қатар жолдың жүріс бөлігінде қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабымен 412 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Республикалық маңызы бар жолдарға кезекшілікке түсетін патрульдік полиция бекет қызметкерлерімен қараусыз жүрген үй жануарларын жолдың жүріс бөлігінен айдау арқылы шығару жұмыстары жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz