Жатарда не жеуге болады?
Адамның жатарда тойып ас ішкені жақсы емес. Бірақ түнде қарын ашпас үшін кейде бір-екі қасық тағам жеп жатқан артық болмас.
Ендеше жатарда не жеуге болады екен, маман берген кеңестерден соны іздестіріп көрейік.
Сүт өнімдерінің ішінен айран мен йогурт ішіп, аздап ірімшік-сүзбе жеуге болады. Бұларда ақуыз көп. Ал ақуыз қарын аштырмайды.
Бірақ мамандардың айтуынша, асқазаны қышқыл тағамды жақтыра қоймайтындарға бұларды жеп қажет емес. Іш өту, "жел жіберу" сынды ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.
Тағы бір жеуге тұрарлық нәрсе – салат. Әсіресе, орамжапырақтан жасалған салаттың пайдасы зор. Орамжапырақ ішек жұмысын жақсартады.
Сондай-ақ жатарда аздап жаңғақ, көк банан жеуге болады. Бұлар да қарын аштырмайды.
Жатарда мыналарды мүлде жеуге болмайды: нан өнімдері мен тәтті-пәтті, қуырылған ауыр тағамдар.
Көбінесе жатарда қарын ашпас үшін кешке ақуызы мол тағамдар жеген абзал. Сонда жатарда тіскебасар іздемейсіз.
massaget.kz