Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластықпен күрес – баршамызға ортақ іс

Сыбайластықпен күрес – баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Жалпы, жемқорлықтың сипаты да бүгінгі уақытта айқындалып, күресу жолы анық көрсетіліп келеді. Осындай кедергілерді болдырмау үшін қазіргі уақытта ел болашақтарын ерте бастан сыбайластыққа қарсы көзқараста тәрбиелеу маңызды. Жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын түсіндіру мақсатында Жақсықылыш кенті әкімінің аппаратында аппарат қызметкерлері арасында түрлі семинарлар мен құқықтық түсіндірме жұмыстары өткізіліп тұрады.
Г. СМАҒҰЛОВА,
Жақсықылыш кенті әкімі
аппаратының жетекші маманы
07 маусым 2022 ж. 423 0