Сексеуілді сындыруға болмайды

Егер сексеуіл ағашын заңсыз кескен жағдайда 381-1 бап ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе зақымдау бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып салуға алып келеді.
Мауленхан Тілепбаев,
Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемесі КММ-нің орманшы инспекторы