Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамақ іше сала неге жатуға болмайды - дәрігер жауабы

Тамақ іше сала неге жатуға болмайды - дәрігер жауабы

Егер тағамның қатты талшықтары асқазанға және одан әрі ішекке түссе, ферменттердің оларға күші жетпей қалады

Гастроэнтеролог, гепатолог Наталья Марченко тойып алған соң жатудың қауіпті екенін айтты.

Оның айтуынша, бұл айтарлықтай ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан тамақтанғаннан кейін бір жарым сағат ішінде жатпаған және қатты еңкеймеген жөн.

"Көлденең қалыпта сфинктерге қысым (заттың бір органнан екіншісіне өтуін реттейтін клапан – Sputnik) жоғарылайды. Дені сау адамдарда бұл ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін, ал асқазан-ішек жолдары проблемалары бар науқастарда диспепсиялық синдромға, яғни ас қорытудың бұзылуына әкеледі", - деді Наталья Марченко Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Асқазандағы затты өңешке, яғни рефлюкске құю қаупі жоғары пациенттерге тамақтанғаннан кейін екі-үш сағат жатпау ұсынылады. Отыруға болады, бірақ оның да ескеретін жайттары бар.

"Ең бастысы - асқазанға қысым жасамау керек.Аяғыңызды іштің астына қоймау, яғни отырмау керк. Егер сіз тоя тамақтанған болсаңыз, онда жүгірмеген дұрыс. Өйткені сфинктерге механикалық қысым күшейеді. Бірақ серуендеуге болады. Бұл тастың қорытылуына әсер етпейді", – деді Наталья Марченко.

Сондай-ақ, ол тамақты дұрыстап шайнаудың маңызды екенін еске салды. Егер тағамның қатты талшықтары асқазанға және одан әрі ішекке түссе, ферменттердің оларға күші жетпей қалады.

sputnik.kz​​​

13 маусым 2022 ж. 403 0