Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенеден сақ болыңыз!

Кенеден сақ болыңыз!

Кене энцефалиті
Бізді қоршаған ортада миллиондап өмір сүретін жануарлар мен жәндіктер арасында адам денсаулығына кесел жұқтыратын,шаққан,не тістеген  жағдайда адамды өлімге әкеп соқтыратын түрлері бар.Әсіресе,буын аяқтылартобына жататынкенелер малға да,адамға да үлкен қауіп төндіреді.Олар өзінің паразиттік қасиетімен сан түрлі жұқпалы  ауруларды таратуға да себепкер. Сондай жұқпалы аурулардың бірі-кене энцефалиті. Ол тез тарайтын дерттің бірі болып саналады.
Кенеэнцефалиті – табиғи ошақта кездесетін,адамның ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қаттызақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Ауру тасымалдаушы -кенелер,  көбінесе ағаштары қалың өскен, қалың шөп жамылғысы бар аралас ормандарда тіршілік етеді. Күн жылынысымен  жанданып, тез көбейе бастайтын кенелер,әсіресе,көктем-жаз айларында аса қауіпті.
Кене энцефалитінің  жұғу жолдары:
1.Трансмиссивті, яғни кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі адамды шаққанда, саусақтармен мыжығанда ауру  жұғады. Қосымша резервуарыкемірушілер және т.б. сүт қоректілердің 130 түрі. Соның ішінде,аурукеміргіштер (қоян, кірпі, бурундук,егіс тышқаны),құстар,жыртқыштар (қасқыр),үйжануарлары (сиыр, ешкі, қой) арқылы таралады. 2.Алиментарлық: адам шикі сүт пайдаланғанда (сиыр, ешкі, қой)
3.Лабораторлық жағдайда ауа-тамшы жолмен жұғуы мүмкін.
 Аурудың тіркелу маусымы көктем-жаз айлары ,яғни көктем, жаз айларында (мамыршілде), кей жерлерде тамызқыркүйекте тарайды. Себебі, осы мезгілдерде кенелер ұрықтанып, тез көбейеді де, олардың белсенділігі артады. Кенеге вирус ауру жануарлардың қанын сорғанда жұғады. Қан сорып, тойынған кене 20 – 30 есе үлкейіп кетеді. Адамның киім-кешегіне, денесіне жабысқан кене негізінен бас пен мойын,кеуде мен арқа тұстарына қадалғыш келеді.
Жұқпамен 20-40 аралығындағы  ересектер жиі ауырады. Адамға орманды жерде жұмыс жасағанда, жеміс-жидек, саңырауқұлақ жинағанда, ағаш кесіп отын дайындағанда, қайнамаған сүт ішкенде, кене шаққанда жұғады.
Кене энцефалитінің қоздырғышы- вирус қоршаған ортада тұрақты. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және ультракүлгін сәулеленуге төзімсіз. Инкубациялық кезеңі 1-3 күннен 25-30 күнге созылады. Орташа 7-14 күн.
Клиникалық белгілері: ауру жедел басталып, жалпы интоксикация синдромымен өтеді, дене қызуы өте тез ,38-39С дейін жоғарылайды,қалтырау,бас ауруы, жүрек айнуы, құсу,әлсіздік,үрей және қорқынышты сезеді, сұраққа баяу жауап береді. Аурудың бастапқы кезеңінде тырысу синдромы байқалуы мүмкін, тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы. Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5-6 күн бойы көтеріледі, сирек жағдайда 2 аптаға созылады. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2-3 күн болады. Қызбалық формасы жалпы аурулардың 40-60% кездеседі.
Кене энцефалитінен алдын ала сақтану жолдары
-Аурудан сақтану үшін адам далалық,орман-тоғайлы   жерлерде  мал  жайғанда,  шөп  шапқанда, серуендеуге  шыққанда  ашық түсті киім киіңіз, сол кезде киімге жабысқан кене бірден көзге түседі.
-Шалбардың  балағын  етікке немесе шұлыққа  салып,  ұзын жеңді, жеңінде резинасы бар киім кию, жағасы жоғары түймеленетін, капюшоны бар киімдер кию қажет. Киімнің жоғары  жағының  бәрін  қымтап кененің  кіріп кетпеуін  қадағалау,  әрбір 2-3 сағат  сайын  киімдерін,  дененің  ашық  жерлерін  қарап  қою қажет. Себебі кене шағар алдында адамның денесіне терінің сезімталдығын әлсірететін сұйықтық себеді, сондықтан адам  кененің  жабысқанын   байқамай  қалады.
-Табиғатқа шығар алдында сырт киімдеріңізге репелленттер (кенелерді үркітетін аэрозольдар) сеуіп алыңыз. 
-Далалық жерден келген соң үйге кірер алдында сырт киімдеріңізді шешіп, денеңізді түгелдей кенеге қарап шығыңыз.
-Мал басын, мал қораны, ауланы қоқыстардан тазалау, көктем және күз айларында кенеге қарсы өңдеу,кене болған жағдайда тазарту керек.
-Кене жабысқанын байқасаңыз қарапайым қысқашты немесе жіп  орап  қозғай  отырып,  суырып  алу керек,  егер  тұмсығы  қалып  қойса, бір мәртелік шприцтің  ұшымен   алып тастап,  орнына  5 пайыздық йод немесе 70 %-дықспиртпен сүртіңіз.Сұйық май құюға болмайды,себебі соңғы ғылыми деректерге сәйкес  сұйықтық майлар тамызылған соң кене тұмсығын тереңге тығып, оны шығару қиындайды.
-Кене шаққан кезде  міндетті түрде дәрігерге көріну қажет.Кене шаққаннан зардап шеккен адамдарды серпінді бақылауды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымда күнтізбелік жиырма бір күн бойы тұрақты термометрия арқылы жүргізеді
- Өрістен келген малдардың  үстін мұқият  қарап, кене  жабысса  қысқашпен    абайлап суырып алып,  арнайы ыдысқа салып,   өртеп  жіберген дұрыс. Мал  қораларды қидан тазартып, мал қораларға, малдарға  көктем және күз айларында  кенелерге  қарсы  залалсыздандыру  жұмыстарын  жүргізу  керек. Малдарды  қырыққанда  арнайы  жұмыс  киімін,  резеңке  қолғап  киіп, сақтық шараларын сақтаған жөн.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық СЭБ 
басқармасының басшысы:                 
15 маусым 2022 ж. 915 0