Қаламгерлер арасында республикалық турнир басталды
Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы әкімінің Кубогы үшін қаламгерлер арасында шағын футболдан республикалық турнир басталды.Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Асылбек Шаменов арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, “Түркістан”телеарнасының директоры Жанахмет Ағыбаев турнирді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Додада Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркістан облыстарынан барлығы 9 команда бақтарын сынауда.
Командаларға сəттілік тілейміз!












