Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кардиолог кеңесі. Қандай сусындар қан қысымын реттейді?

Кардиолог кеңесі. Қандай сусындар қан қысымын реттейді?

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері Юрий Серебрянский шөп шайлары, шүйгіншөп, қырмызыгүл және итмұрын тұнбасы қан қысымын тұрақтандыруға, ұйқыны жақсартуға және жүйкені тыныштандыруға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшының пікірінше, жалбыз, таңқурай, қарақат немесе лимон бальзамы қосылған шай да пайдалы болуы мүмкін.

Шүйгіншөптің тамырынан тұнба әзірлеуге болады. Немесе шай түрінде қырмызыгүлді қайнатып ішкен жақсы. Оның зияны жоқ, керісінше бұл пайдалы сусындар, деп келтіреді «Москва-24» Серебрянскийдің сөзін.

Маман итмұрын тұнбасы қан тамырларына, иммунитетке және жүйке жүйесіне пайдалы әсер ететінін де айтады.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алған жөн.

baq.kz
19 маусым 2022 ж. 519 0