Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолдан жасалатын пайдалы сусындар

Қолдан жасалатын пайдалы сусындар

Денсаулығым мен күш-қайратым бірқалыпты болуы үшін мен халықтық ежелгі рецептерді қолданып, көп жылдан бері қолдан сусындар жасап ішіп жүрмін. Пайдасы өте керемет. 
 
Жасарту сусыны. 50-100 грамм лимон немесе апельсин шырынын алып, оған 1 стакан жылы су мен 2 шай қасық бал, жаңадан майдаланған 2 ас қасық жаңғақ ұнтағын қосып, араластырып, күні бойы аш қарынға ішесіз.
 
Сергіту  шайы. Өзіңізді үнемі сергек сезініп жүру үшін шиенің ерте көктемде дайындалған жас бұтағынан шай қайнатып ішкен дұрыс. Алдымен шиенің жаңадан бөрте бастаған жас бұтағын ұзындығы 2 сантиметр етіп кесіп аласыз. Оны 1 литрлік ыдысқа 1/3 етіп салып, үстіне толтырып қайнаған ыстық су құйып, 10 минут жайлап қайнатасыз. Сосын ыдысты 1 сағат орап, суытасыз. Енді шай ретінде күніне 0,5 стаканнан 2 апта бойы іше беріңіз. Егер балмен ішсеңіз тіпті жақсы. 1 апта үзіліс жасап,  шайды қайталап ішуіңізге болады.
 
Мен әр көктемде шиенің бөрте бастаған бұтақтарының ұшынан ұзындығын 8-10 сантиметр етіп кесіп, буып байлап, құрғақ орында іліп, кептіріп аламын. Одан дайындалған шай адамның жас реңкін сақтауға көмектеседі. Бет реңкін қызғылт түске бояп, көз астына бітетін қалталарды болдырмайды. Әрі көңіліңді сергітеді. Шие бұтағынан жасалған шай адам ағзасының әлсіреп, қосымша көмекті қажет ететін қыс пен көктем кездері керек.
zamana.kz​​​
14 мамыр 2018 ж. 2 112 0