Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқтағы томпақ сүйектен арылудың оңай жолдары

Аяқтағы томпақ сүйектен арылудың оңай жолдары

Кей әйелдерде аяқтағы бірінші башпай тұсында томпайған өсіңкі сүйек болады. Ол аяқ киім кигенде, жүргенде ауырып, мазаны алады. Көбіне тұқым қуалау жолымен беріледі, сондай-ақ ревматизм, майтабандық, тар аяқ киім кию, дұрыс тамақтанбау себептерінен де болады.

Оны емдеу үшін ортопедтер аяқ киімге коррекциялық ұлтарақ салады, ал тіпті асқынған жағдайда оны хирургиялық тәсілмен кесуге тура келеді, деп жазады Ауырмаңыз газеті.
Сондай-ақ мұндай сүйектен арылудың халықтық тәсілдері де бар. Олар мынадай:
1. Біріншіден, ағза артық тұздан арылу керек. Ол үшін мынадай рецептпен дәрмек жасау керек: Ыдысқа 1 ас қасық уатылған лавр жапырағын салып, үстінен 300 миллилитр су құяды, оны қайнатып, 5 минут пісіреді. Сосын тұнбасын термосқа құйып, таңға дейін қоя­ды. Таңертең сүзіп алып, күні бойы аз-аздан ішіп жүру керек. (Яғни бірден сіміріп салуға болмайды).
Жаңа тұнбаны күн сайын кешке әзірлеу керек, 3 күн бойы ішіп тұру қажет. Арасында бір апта үзіліс жасап, тағы да қайталаған дұрыс.
2. 5 дана ірі лавр жапырағын ыдысқа салып, үстінен 100 миллилитр арақ құйып, бір аптаға қояды. Оны анда-санда қозғап, шайқап тұру керек. Дайын болған дәрмекпен шығыңқы сүйек үстін майлап-сылайды. Емді 2 айдай уақыт қолдану қажет.
3. Аяқты сода қосылған ыстық суда (3 литр суға – 1 ас қасық сода) булау қажет. Сосын ұйқыға жатарда сүйек үстіне әлгіндей суға малынған дәкеден компресс жасайды. Сыртынан шұлық киген дұрыс.
4. 10 миллилитр йодқа 5 тү­йір аспиринді езеді. Мұндай дәр­мекпен өскін сүйектің ғана емес, тізе, шынтақ, тағы бас­қа буындардағы проблемалық тұстарды майлап-сылаған дұрыс.
Өскін-сүйектің ауырсынуын йод торы (сетка) да басады. Бір ай бойы ұйқыға жатарда буланған аяқ сүйегінің үстіне йод торын сызып жүрген дұрыс.
5. Лимон шырыны мен йодты тең дәрежеде араластырып, өсіңкі сүйек үстіне жағып жүрген адам одан ғана емес, өкше теппесінен де (пяточная шпора) арыла алады.
…Мұндай дәрмектерді асқазан, аш ішек жарасы бар, іш қатуына бейім, қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын адамдар абайлап қолдануы тиіс. Дәрігермен кеңесіп алған абзал.
24 сәуір 2018 ж. 6 897 0